Тұрғын үйді кондоминиум құқығына тіркеу

Тұрғын үйіңіздің кондоминиум құқығына тіркеу қажет пе? Олай болса, біздің парақшамыздың #oqy&toqy айдарына зер салыңыз.

🔑Egov.kz арқылы
📌Порталға кіріңіз
📌Іздеу жолы арқылы «Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу» қызметін табыңыз
📌Қызметке онлайн тапсырыс беріңіз
📌Өтініш берушіні таңдаңыз
📌Тұрғын үй туралы мәліметтерді толық толтырып шығыңыз
📌Екінші қадамда портал жер учаскесі туралы мәліметтерді сұрайды, көрсетіңіз
📌Қызмет үшін электронды шлюз арқылы төлем жасаңыз
📌Төртінші қадамда өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қою қажет
☝️Өтініш электронды түрде тапсырылғанда сізге жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаты мен жер учаскесінің актісінің скан көшірмелер қажет болады.  Сондай-ақ қызмет ақысын банк арқылы төлеген болсаңыз, төлем түбіртегінің де скан көшірмесін жүктейсіз. 🔑ХҚО арқылы
📌Алдымен кез келген ХҚО-ға кезекті алдын ала брондаңыз
📌Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растаңыз
📌Операторға қызмет ақысының төленгені туралы түбіртекті көрсетіп, тұрғын үйдің екі тұрғынынан өтініш қалдыру жеткілікті 
☝️Ескерту, өтініш берушілердің немесе олардың заңды өкілінің жеке басын куәландыратын және өкілеттілігі туралы құжаттары мәліметтерді сәйкестендіру үшін ғана қажет. Сондай-ақ өтініш беруші тұрғындар меншік иелігі туралы ақпаратты да растаулары керек.  ⏰Қызмет көрсету уақыты, құжат тапсырған күнді есепке алмағанда — 3 жұмыс күні
💰Қызмет құны — 2404,98 теңге.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *