Мектеп оқушылары Құранды жатқа оқыды

  Жалпақтал мешітінің  ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне орай, мешіт   шәкірттері  арасында  Құранды  жатқа  айтып, мәнерлеп  оқудан және  40-парызды  жатқа  айтудан,  Пайғамбарымыз  Мұхаммед  (с.ғ.с) тәлімді  өмірінен   діни  білім  сайысы   оздырылды.

   Ауылдық мешіттің найб имамы,  әр ұстазы  Құбаев Алтынбек  Мұратұлы  ниет етіп келген  мектеп оқушыларына  діни дәріс беріп келеді.

    Ол шәкірттерді мәңгілік дала елін өркениетті қоғамға бағыттауда діни дәрістермен салысстырып тарихи, әдеби, мәдени тақырыптарда тағылымды қызмет атқарып жүр.

    Өздерінің білімдерін жақсы көрсеткен жас шәкірттерге сайыс соңында Жалпақтал мешітінің бас имамы Тілек қажы Нұралиев бағалы сыйлықтар мен  мақтау қағазын  табыстады.

Жалпақтал  ауылдық  мешітінің баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *