Амал келді, жыл келді!

14 наурыз — Көрісу айт мерекесі. Бұл күні жас пен кәрі төс қағысып, құшақтасып көріседі. Бұл — мереке өкпе-ренішті өткен жылға қалдырып, жаңа жылды қуанышпен қарсы алуға арналған «Амал мерекесі».

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде айт мерекесіне орай мәдениет және өнер факультетінің студенттері «Амал келді, жыл келді» атты концерттік бағдарлама ұсынды. Мерекелік шараға ардагер ұстаздар мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Студенттер театрланған көріністер қойып, амал мерекесінің маңыздылығын түсіндірді. Еліміздің батыс аймағында дәстүрлі тойланатын айт мерекесінің өзге өңірлерде де қолдау тауып жатқаны қуантады.

Гүлзинат Қибатова

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *