Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сыныптарында білім алу үшін конкурс жарияланды

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2021-2022 оқу жылынан Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сыныптарында білім алу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөнінде конкурс жариялады.

Карантиндік шектеулер кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және санитарлық талаптарды сақтау мақсатында ата-аналарға құжаттарды тапсыру үшін мектепке баратын күн мен уақытты алдын ала белгілеуге мүмкіндік беретін онлайн брондау сервисі жасалды. Қабылдау комиссиясына кезекті ura.nis.edu.kz сайты арқылы брондау қажет. 

2022 жылы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына оқушыларды конкурстық іріктеудің кешенді тестілеу құрылымына қосымша «Жаратылыстану» бөлімін енгізу жоспарланып отыр. Сол себепті, 2021 жылы «Жаратылыстану» тестінің апробациясы өткізіледі. Конкурстық іріктеудің нәтижелерін статистикалық және психометриялық өңдеу кезінде апробацияның нәтижесі есептелмейді.

Құжаттарды қабылдау 2020 жылдың 2 желтоқсанынан 2021 жылдың 23 қаңтары аралығында жүреді (мереке күндері: 2020 жылдың 16,17,31 желтоқсаны және 2021 жылдың 1,2,7 қаңтары). Үміткерлер қабылдау комиссиясына тапсыруы қажет құжаттар тізімін  мектеп сайтының «Үміткерлерге» бөлімінен алуға болады.

Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *