Шәкірттер арасындағы білім сайысы

Жуырда Жаңақала аудандық мешітінің бас имамы Жомарт Санатұлының бастамасымен  «Имани күз» атты шәкірттер арасында білім сайысы болып өтті.

Рухани шараның мақсаты – асыл дінімізді қастерлеп, қасиетті Құран Кәрімнің сүрелерін жатқа және мәнерлеп оқу, қазақтың салт-дәстүрінен сұрақ-жауаптар жүргізу.

Білім сайысында бірінші орынды Ибрахим Қанатұлы иеленді. Жүлделі екінші орын Абдуррахман Азаматұлына, үшінші орын Сәлсәбил Бекболатқызына бұйырды.

Білім сайысында  төрелік еткендер мешіттің наиб имамы Алтынбек Болатов  пен молдасы Аманат Тілекқабылұлы шәкіртердің білімін саралап, әділ бағасын беріп, арнайы диплом мен бағалы сыйлықтарды табыстады.

Жаңақала аудандық мешітінің баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *