Ерлік өнегесі – жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу құралы

Қазақ халқы өз ұрпағын ізгілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеп келеді.Осы тәрбиені одан әрі жалғастыру үшін әрбір отансүйгіш азаматтардың өткен күнгі тарихты, батырларымыздың ерлік рухын білуі керек. Қазақ жастарының бойына ұлттық рухты сіңіру жақсы тәрбие беру деген сөз.  Яғни барлық уақытта тәрбие бірінші орында тұрады. Жас  ұрпақ тәрбиелеушілер тәрбиені қалай қолға алсақ, патриоттық сезімде де дәл осындай дәрежеде, биік ұстауымыз қажет. Білім мен тәрбие қалай егіз жүрсе, мемлекет пен халық арасында да осындай ажырамас туыстық орнайды. 

 2020 жылдың 11 қарашасында Абай полиция бөлімінде жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, Отанын, елін, жерін сүюге баулу мақсатында танымдық іс-шара өтті. Іс-шараға Абай полиция бөлімінің басшылары мен жас мамандар қатысты.  Жастардың бойында патриотизмді қалыптастыру, батырлық пен ержүректілікке баулу мақсатын ұстанған іс-шарада алғаш сөз алған  Абай Пб бастығының орынбасары полиция майоры Самиғолла Абдрахманов  бұл  жиынның  өзінің қызметтік міндетін мінсіз орындау кезінде қаза болған полиция капитаны Ғазиз Байтасовты еске алу сағатына арналған  басқосу екенін айтты.  Одан соң қазіргі уақыттың батыры, жас буынға үлгі тұлға туралы шағын мәлімет берді.  Қиындығы мен ауыртпалығы қатар жүретін ішкі істер органында 20 жыл қызмет атқарып, полиция капитаны шеніне дейін қызмет етіп, ІІО-да мінсіз қызметі үшін сансыз алғысқа бөленген, бірнеше марапаттардың иегері  Ғ.Байтасовтың  2011 жылғы 12 қарашада Тараз қаласында қылмыскерді ұстау барысында қаза болған ерлігін баяндады. Ерлігі көпке үлгі тұлғаға «Халық қаһарманы» атағы, «Алтын жұлдыз» белгісі мен «Отан» ордені тапсырылғаны да жөнінде жас мамандарға баяндалып, ерлігі үлгі етілді.

 Бұл күнгі басқосу кезінде  Абай Пб басшы құрамы Абай Пб кезекші бөлім кезекшісінің көмекшісі Данияр Менешевке  кезекті полиция старшинасы арнаулы атағын көпшілік алдында салтанатты түрде табыстады.  Жас қызметкерлердің  жұмысына сәттіліктер  тіледі.

Орал қалалық ПБ баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *