Жыл басынан бері 339 телефон ұрлығы тіркелді

2020 жылдың басынан бері 1520 ұрлық тіркелсе, соның ішіндегі 339 ұрлық ұялы телефон ұрлығына қатысты болып отыр, – деп хабарлайды Орал қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Оқиға 2020 жылдың 7 қарашасы күні сағат 23.50 шамасында белгісіз тұлға Орал қаласы, 4- ықшам ауданындағы бір жәйлі пәтерде болып, күдікті пәтерден шығарында еркін түрде ұялы телефонды ұрлап кеткен.

Телефон иесі көп уақыт өтпей корпусы қара түсті, «Лонор-хайт 9» маркалы, корпусы қара түсті телефонының қолды болғанына көзі жетіп, дереу 102- ге телефон соққан. Ұрлық қылмысы орын алған мекенжайға барған басқарманың жедел-тергеу тобы кінәлі тұлға жөнінде жеке бас деректерін жинап, күдіктінің ізіне түсті. 1971 жылғы, Е.есімді азаматша телефонын 70 мың теңгеге сатып алғанын айтқан. Полиция қызметкерлері 1991 жылғы Р. есімді кінәлі адамды құрықтады. Ол айыпты екенін, жеңіл- желпі ақшаға өзгенің телефонын сатып, ақша тапқысы келгенін айтып, айыбын мойындады. Орал қалалық ПБ- сы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабының 1- бөліміне сай қылмыстық іс қозғады. Ұялы телефон иесіне қайтарылды.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *