5 миллион теңге көлемінде ақша ұрлаған

Осы жылдың 12 қазанында Шаған полиция бөліміне қарасты аймақта пәтер ұрлығы тіркелген, — деп хабарлады Орал қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Дәл осы күні күндізгі сағат 11.00 мен 14.30 аралығында Зачаганск кентінің Тұмархан көшесі бойындағы бір жер үйден 5 миллионға жуық теңге көлемінде ақша ұрланған. Бейтаныс тұлға үйде ешкім жоғын байқап, тапа-тал түсте үйдің есігіндегі құлыпты сыындырып ашып, үй ішіне еркін кірген. Үй илерінің жаңадан үй немесе пәтер сатып аламыз жиып-терген ақшасын ұрлап, үйден жәймен сытылып шығып кеткен. Пәтер ұрлығы тіркелді деген жедел мәлімет бойынша мекен-жайға барған Шаған полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілдері күдіктінің ізіне түсті. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 10 сағат ішінде күдіктіні құрықтады. 1996 жылы туған, еш жерде жұмыс жасамайтын, Ақжайық ауданының тумасы Шаған полиция бөліміне жеткізілгенде пәтерге ұрлыққа түскенін мойындады. Оның қолынан ақша түгелімен тәркіленіп, үй иесіне қайтарылды. Корпусы қоңыр түсті «Нокия» маркалы ұялы телефонының ұрланғаны белгілі болып, олда тәркіленді. Ақшасын көріп, қолына алған үй иесі ұрлықтың ізін суытпай ашқан полиция қызметкерлеріне алғысын айтып, риза болды.


Бүгінгі күні күдікті Орал қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Шаған полиция бөлімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабының 3 тармағына сай қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізілуде
Айта кетейік жыл басталғалы Шаған полиция бөлімінде 22 пәтер ұрлығы тіркелсе, ал өткен жылдың 9 айында 48 пәтер ұрлығы орын алған.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *