ОТАНДЫ ҚОРҒАУ- АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасында 2020 жылдың күзгі мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарды алдын ала зерделеу басталды, — деп хабарлайды басқарма баспасөз қызметі.

Басқарманың баспасөз қызметінің хабарлауынша, тіркеуді жергілікті әскери басқару және тиісті жергілікті атқарушы органдар бірлесіп өткізеді.
Мақсат — азаматтарды әскери есепке қоя отырып, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін айқындау, білім және дене дайындығы деңгейін анықтау.

Әскерге шақыру учаскелеріне тіркелуге жататын барлық азаматтар шақырту қағазында көрсетілген құжаттарды өзімен бірге алып, нақты белгіленген күні шақырту учаскелеріне келуі қажет. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заң негізінде меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, білім беру ұйымдарының басшылары әскерге шақыру учаскелеріне тіркелуге жататын азаматтарды қажетті уақытта босатуға және олардың Қорғаныс істері жөніндегі басқармасына келуін қамтамасыз етуге міндетті.
Медициналық комиссия құрамына әскери-дәрігерлік сараптама мәселелері бойынша дайындықтары бар білікті дәрігер мамандар, оның ішінде хирург, терапевт, невропатолог, психиатр, көз дәрігері, құлақ-мұрын дәрігері, дерматовенеролог, тіс дәрігері кіреді. Әскерге шақырушылардың әрқайсымен және оның ата-анасымен зерделеуге жауапты лауазымды тұлғалар жеке әңгімелесу жүргізеді.

«Орал қаласы бойынша биыл зерделеуден 600- ге жуық бозбала өтеді»- деп жоспарлануда.

Өз Отанына адал әр азамат Кеңес Одағының батыры, жазушы Бауыржан Момышұлы «Отан үшін отқа түс-күймейсің» деген ұлағатты сөзін жадыда ұстау қажет. Сондықтан Отан алдындағы адал борышын абыроймен өтеу — әр азаматтың парызы.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *