Журналистер тәжірбиесімен бөлісті

Жуырда клубымыз «Жас журналист» үйірмесінің мүшелерімен «Журналист — тұлға,лауазым,мінезі  — дала,тау,өзен» тақырыбында «ZOOM» форматында онлайн кездесу өткізді.

«Арман» балалар аула клубының кезекті шарасына өңірімізге белгілі журналист «Қазақстан дәуірі» халықаралық қоғамдық газетінің БҚО бойынша меншікті тілшісі Ляззат Қажымова мен «Пульс» қоғамдық-саяси газетінің жас тілішісі Гүлзинат Қибатова қатысып, тәрбеленушілермен ашық әңгіме өткізілді.

 Шараның мақсаты — жас өренге журналист мамандығының қыр — сырын білікті маман иелерімен әңгіме жүргізу барысында ұғындыру,олардың журналистика саласына деген қызығушылығын арттыру.

Шара барысында оқушылар көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап алып,журналист әпкелерінің кеңесін тыңдады.  Ашық әңгіме барысында журналист мамандар аталмыш мамандықтың қыр-сырын ұғындырар әңгімелер айтып,өз бастарынан өткен қызықты оқиғаларымен бөлісті.

Гаухар АСАУПОВА,

«Арман» балалар аула клубының «Жас журналист» үйірмесінің жетекшісі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *