«Қыз жібек» мюзикліне кастингке шақырады

Жастар шығармашылығы орталығы Ақжайық өңірінде алғаш рет «Қыз  Жібек» мюзиклін қою жоспарлауда. Осыған орай 8 тамыз күні сағат 14.00-де «Нұр Отан» залында танымал отандық режиссер Есләм Нұртазинның қатысуымен аталмыш жобада  басты рольдерді сомдауға кастинг жарияланады.    

Үміткерлерге қойылатын шарттар:

  • вокалдық өнер (2 шығарма);
  • актерлік қабілеті бар (монолог, поэзия);
  •  би өнері (пластика);
  • сырт келбеті тартымды, харизмалық;
  • 18-30 жас аралығында;
  • қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеруі.

        Портфолионы 5 тамызға дейін Орал қаласы, Гагарин көшесі 105/3 мекенжайындағы 28-кабинетке тапсыру қажет.

Байланыс телефондары: 8 701 601 61 32, 8 707 518 53 49

e-mail: gkkp_mtc@mail.ru.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *