Наиб имамның жомартығы

Орал орталық  мешітінің наиб имамы Бақытжан Сабралиевтің бастамасымен жедел жәрдем қызметкерлеріне арнап ізгілікті қайырымдылық шара жасады.

Бақытжан Құралбайұлы отбасы атынан Орал қаласындағы  үш жедел жәрдем орталығына, мүгедектер үйіне арнайы барып,  қой етінен жасалған сорпаны таратты. Әр жанның көңілін сұрап, ауруға қарсы иммунитетін көтеру, халықтың дәстүрлі ет-тағамдарының рөлі зор екендігі  баршаға аян.

Қазіргі таңда індетпен ауырып жатқан адамдарға жедел жәрдем қызметкерлерінің еңбектері өте зор. Еңбектерін бағалап, шексіз ризашылығын жеткізді, — Бақытжан Құралбайұлы.

Наиб имам  сонымен қатар өңір халқына карантин талабын қатаң сақтап, індеттен барынша абай болуды үндеді.

Бұл игі істі жедел жәрдем қызметкерлері мен мүгедектер үйінің ұжымы да зор ризашылықпен қабылдап жатыр.

 ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *