Алдағы 3 күнде өткінші жаңбыр жауып, температура өзгереді

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде циклонның әсерінен Қазақстанның көп өңірінде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. Солтүстік пен солтүстік-батыста ғана антициклонның ықпалынан жауын-шашын болмайды.

Еліміздің батысында күндізгі температура көпжылдық орташа шамадан 0-4 градус жоғары, оңтүстік-шығыста нормадан 0-4 градус төмен, ал қалған аумақта температура норма шамасында болады, – деп хабарлады “Қазгидромет” кәсіпорнының баспасөз қызметі.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *