Қазақстанда кімдер экспресс-тестілеуден өтуге міндетті

Қазақстанда міндетті экспресс-тестілеуден өтуі тиіс азаматтардың санаты бекітілді.

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетованың 6 маусымдағы қаулысына сәйкес, экспресс-тестілеу иммундық-ферменттік талдау (ИФТ) принциптеріне негізделген иммундық-хроматография әдісімен жүргізіледі. COVID-19-ға жедел тестілеу SARS-CoV-2 коронавирусына IgG/IgM сыныпты антиденелерді анықтай отырып, иммундық-ферменттік талдау (ИФТ) принциптеріне негізделген иммундық-хроматография әдісімен орындалады.

COVID-19-ға экспресс-тестілеуге жататын адамдар (анамнезінде осы жылдың ақпан айынан бастап суық тию ауруымен ауырып сауыққан адамдар):

— теміржол көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдар, жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер, сондай-ақ транзиттік жүргізушілер;

— COVID 19 таралуының алдын алу бойынша іс-шараларға тартылған орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлері (Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық гвардия, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Кеден қызметі, әкімдіктердің қызметкерлері және басқалар);

— карантиндік өңірлердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың (коммуналдық қызметтің, тамақ өнімдерін, дәрі-дәрмектерді сататын сауда объектілерінің, жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану объектілерінің, көлік, ПМК, дезинфекция қызметтерін көрсететін объектілердің қызметкерлері және т.б.) қызметкерлері;

— медициналық ұйым басшысының тізімі бойынша ауыр созылмалы ауруына байланысты жедел амбулаториялық консультацияға мұқтаж пациенттер, сондай-ақ шұғыл көрсетілімдер бойынша емдеуге жатқызылған пациенттер;

Эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, экспрес-тестілеуден үшін пациенттер сәйкестендіру деректерін, тіркеу жүйесінде денсаулық жағдайына шағымдарды көрсетіле отырып, ЭДСРО АЖ-да тіркеу рәсімінен өтеді немесе медицина қызметкері өз бетінше ЭДСРО АЖ-ға енгізеді.

ЭДСРО АЖ-дан деректерді талдауды және өңдеуді ҚДСҰО жүргізеді және осы алгоритмнің 3 және 4-тармақтарын ескере отырып, кейіннен материалды алу пункттері бойынша бөліп, тестілеу өткізілетін орны, күні туралы ақпараттандыра отырып, жедел тестілеуге жататын адамдардың тізімін жасайды.

BAQ.KZ.

Оставьте ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *