Сурет байқауының үздіктері анықталды

1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекесі қарсаңында  «Әлем балалар көзімен» атты онлайн режимінде тәртіп сақшыларының ұл -қыздары арасында сурет байқауы өтті.

Орал қалалық полиция басқармасы басқармасының әйелдер кеңесі ұйымдастарған шараға балалар белсене қатысты. Бірі — ән шырқаса, бірі би биледі. Кейбірі туған жер турасында өлең оқып, шығарма жазды.

Басқарма басшылары мен әйелдер кеңесінің төрайымы, полиция подполковнигі Гүлнара Каташева сурет салуға белсене қатысқан талантты өрендерді анықтады. Үздіктерге БҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Н. Рамазановтың қолымен алғыс хаттар мен сыйлықтар ұсынды.

Ел болашағы балапандарымыздың қуаныштары көп болуына тілектеспіз!

Орал қалалық ПБ баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *