Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығы тағайындалды

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жақында өмірден өткен танымал журналист Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығын жариялады деп жазды «BAQ.KZ» сайты.

Ұлттық сыйлықтың басты мақсаты – ардақты азамат, елімізге белгілі тележурналист Бейсен Құранбектің есімін мәңгілікке сақтап қалу, талантты жас журналистерді тану, олардың кәсіби жағынан одан әрі дамуына жәрдем беру. Сыйлық «Әлеуметтік тақырыптағы үздік ТВ сюжет», «Әлеуметтік тақырыптағы үздік мақала», «Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал (әлеуметтік желі)», «Әлеуметтік тақырыптағы үздік фотосурет» атты төрт номинация бойынша беріледі.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Telegram каналында жазылған хабарламада: «Байқауға телевизия, баспа, интернет журналистиканың және фотосуретшілер, жаңа медиа (әлеуметтік желілер) саланың кәсіби және кәсіби емес жас журналистері (18-35 жас аралығы) қатысып, бағын сынай алады. Байқау үздіктерін арнайы құрылған қазылар алқасының мүшелері айқындайды. Қазылар алқасының құрамына еліміздің медиа саласының дамуына елеулі үлес қосқан танымал медиа менеджерлер, журналистер, қоғам қайраткерлері кіреді» делінген.

«Жігер» сыйлығына өтініш 2020 жылдың 26 мамыры мен 15 маусымы аралығында mdq.kz сайтында қабылданады. Сыйлыққа қатысты толық ақпарат (қатысу ережесін) «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорының ресми сайтында (mdq.kz) жарияланған. Салтанатты марапаттау журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында хабарланбақ.

Өз тілшіміз

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *