Әскери жиын аяқталды

Бүгін қаламызда төтенше жағдай режиміндегі әскери жиынның аяқталуына байланысты әскери міндеттілерді марапаттау рәсімі өтті. Облыс аумағындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету мақсатында аумақтық қорғаныс бригадасының күзет бөлімшесіне 94 әскери міндетті шақырылған. Олар карантин режимінде блок-бекеттерді шектеу мен сақтық шараларында табанды қызмет атқарды. Жиында елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтасыз етуге үлес қосқан әскери міндеттілерге Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов ризашылығын білдіріп, қала әкімі Абат Шыныбековтің атынан алғыс хатпен марапаттады.
Бізге жүктелген міндетті адал атқардық деген сенімдемін. Жұмысымыз карантинге жабылғаннан кейін, әскери міндетті қатарында болғасын қызмет атқаруға келдім. Қала аумағы мен блок-посттарда ауысымды қызмет атқардым, — дейді ефрейтор Миржан Серік.
Әскери жиын Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония шағын концерттік бағдарламасымен түйінделді. Гүлзинат ҚИБАТОВА

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *