Тыл ардагерлерін құттықтады

Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесіне орай әр мекеме-ұйым ұжымдары аға буын өкілдерін құттықтап, көңілдерін көтеруде.

Бүгін БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымы тыл еңбеккерлері Антонина Филимонова мен Константин Толоконниковтың үйіне барып, арнайы құттықтады. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі мәлімдеді. Департамент   бастығы, генерал-майор Ж.Жұмашев пен өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Н.Селимов ардагерлерге естелік медальдарын, құттықтау хаттарын және сыйлықтар табыс етті.

Жеңісті жақындатуға үлес қосқан Антонина Александровна мен Константин Петровичке төтеншеліктер  зор денсаулық тілеп, өскелең ұрпаққа бейбіт өмір сыйлағандары үшін алғыс білдірді!

– Сіздердің ерліктеріңіз – кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Сол себепті Ұлы Жеңіс күнінің мән-маңызы зор. Бұл мереке бізге бақыт пен жарқын қуаныш сыйлайды, – деді департамент басшысы Жасұлан Қыдырғожаұлы.

Өз тілшіміз

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *