Карантин мерзімінде 40 жасөспірім тәртіп бұзған

2020 жылдың 30 наурызынан бастап осы күнге дейін Орал қалалық полиция басқармасы ЖПҚб ювеналды полиция бөлімінің инспекторлары  кәмелетке толмағандар арасында түсінік жұмыстарын жүргізіп, карантиннің талаптары мен шектеулерін таныстырды.

Қызметкерлер қаланың бірнеше аудандарында кешенді тексерістер мен рейдтер өткізуде. Басты мақсат — жасөспірімдер ересектерсіз, заңды өкілінсіз қоғамдық орындарда, көшелерде жүрмеуін қадағалау.

Орал қаласында карантин жарияланғаннан бері 40 жасөспірімінің талап бұзғаны анықталып, ҚР ӘҚБТК-тің 476-бабына сай әкімшілік хаттама толтырылды.

Бүгінгі таңда Орал қалалық мамандандырылған әкімшілік сотымен 9 жасөспірімнің заңды өкіліне 10 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл төлейтіні туралы қаулысы шықты. 30 жасөспірімге ескерту берілген.

Сол себепті, ата-аналардың балаларды көшеге және көпшілік орындарға жалғыз өздерін жібермеулерін қадағалап, карантин мерзімі аяқталғанша сақтық шараларына аса мән берулерін талап етеміз.

Орал қалалық ПБ ЖПҚб ЮПб

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *