Биыл 1 млн 220 мың адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік бар

Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысы барысында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов министрлік тарапынан «Жұмыспен қамту жол картасының» іске асырылуына байланысты мониторинг жүргізу тетіктері әзірленгенін мәлімдеді, — деп хабарлайды BAQ.KZ

Әр облыс, қала, аудан және ауыл деңгейіне дейін есебі жүргізіледі, әр жоба бойынша оның «паспорты» әзірленді. «Паспортта» жобаның атауынан бастап, оның мақсаты, соңғы қол жеткізу жоспарлы көрсеткіші, орындау мерзімі, мердігер туралы мәліметтер, құрылатын жұмыс орындар саны, жұмыспен қамту орталығы арқылы қабылданған адамдардың және төленетін жалақы мөлшерінің есебі жүргізіледі. Мониторинг Еңбек министрлігінің «Еңбек нарығы» ақпараттық деректер жүйесі арқылы іске асырылуда, — деді ол.

Біржан Нұрымбетов жалпы халықты жұмыспен қамту мәселесіне қатысты әр өңір әкімдерімен пысықтау жұмыстары жүргізіліп, екі жақтан министр мен әкім қол қойып, өңірде жұмыспен қамтудың кешенді жоспары бекітілгенін жеткізді.

Тек «Жол картасы» ғана емес, елімізде іске асырылып жатқан барлық мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар бойынша құрылатын жұмыс орындары мен жұмыспен қамту шаралары мониторингке алынды.  Сонымен, бүгінгі барлық бағдарламалардың әлеуетін ескере, 2020 жылы 1 млн 220 мың адамды жұмыспен қамту шараларына тартуға мүмкіндігіміз бар, — деп түйіндеді Нұрымбетов.

Айта кетейік, Үкімет отырысы барысында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі өңірлерде 17 мыңнан астам жұмыс орны құрылғанын баяндаған болатын.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *