БҚО-да коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 70-ке жетті

Бүгін, яғни 21 сәуір сағат 20.05-тегі мәлімет бойынша Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы екі адам анықталды.

Коронавирустық инфекция анықталған азаматтар — 62 және 28 жастағы Орал қаласының тұрғындары. Вирус жұқтырған адаммен байланыста болғандықтан карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Науқастардың жағдайы —  қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.Қазіргі таңда ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

21.04.2020 жылғы жағдай бойынша облысымызда COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 70 адам анықталды.

Өз тілшіміз

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *