Дәрігерлердің құрметіне тұрғын үйдің қасбетіне сурет салынып жатыр

Бұл туралы BAQ.KZ.сайты хабарлайды.

Елордада коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлердің бейнесі тұрғын үй кешенінің қасбетінде пайда болады. Қаланың шығармашылық қауымдастығы суретті медициналық қызметкерлерге арнап салып жатыр. 

Шығармашылық адамдары онлайн-концерттер өткізіп, еріктілерге көмектесіп жатыр. Адамдар бір-біріне қолдау көрсету мақсатымен бірігуде. Суретшілер атынан осы шығармашылық жоба арқылы коронавируспен күресіп жатқан медицина саласының қызметкерлеріне ризашылығымызды білдіріп, «Біз біргеміз» жалпыұлттық акциясына қосыламыз. Мурал салудағы басты мақсат ‒ дәрігерлерге алғыс білдіру! Сіздерге алғысымыз шексіз. Бұл індетпен күресіп жатқан әр қызметкерді батыр деп санаймыз. Қала әкімдігіне білдірген қолдауы үшін алғыс айтамыз. Үлкен шығармашылық топ жұмыс істеп жатыр. Біз біргеміз!,  — деді Кристина Бекмурзаева.

Елорда әкімдігі шығармашылық қауымдастықтың бастамасын қолдап, қажетті техниканы ұйымдастыруға көмек көрсетті

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *