«7-20-25» және «Баспана Хит» тұрғын үй бағдарламалары бойынша ай сайынғы төлемдердің мерзімін ұзарту туралы

 Қазақстан Ұлттық Банкі коронавирустық инфекция пандемиясына байланысты халықтың қаржылық жағдайын қолдау үшін Елбасының халыққа «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бірінші бастамасын іске асыру шеңберінде бастама жасалған «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасына, сондай-ақ «Баспана-хит» тұрғын үй бағдарламасына өзгерістер енгізді.

Бағдарламаларға енгізілген толықтырулар Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай енгізу кезінде банктер Бағдарлама шеңберінде жасалған ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша төтенше жағдай енгізілген күннен бастап негізгі борыштың және (немесе) сыйақының төлемдері бойынша айыппұл және (немесе) өсімпұл есептеместен күнтізбелік 90 (тоқсан) күнге дейінгі мерзімге мерзімін ұзартуды көздейді.

Негізгі борыштың және (немесе) сыйақының төлемдері бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күнге дейінгі мерзімге мерзімін ұзартуды банктер жеке тәртіппен жүзеге асырады.

Төтенше жағдай енгізілген күннен бастап негізгі борыштың және (немесе) сыйақының төлемдері бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күнге дейінгі мерзімге мерзімін ұзартуды ұсыну «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кредиттік бюроға ұсынылатын қарыз алушы туралы теріс ақпарат болып табылмайды.

Тұрғын үй бағдарламаларының қарыз алушылары ай сайынғы төлемдерінің мерзімін ұзартуды елде төтенше жағдай енгізілген күн 2020 жылғы 16 наурыздан бастап ала алады.

«7-20-25» және «Баспана-хит» тұрғын үй бағдарламаларына қатысушы-банктер: «Bank RBK» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ, «АТФБанк» АҚ, «First Heartland Jysan Bank» АҚ, «Fortebank» АҚ, ««Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Сбербанк» АҚ.

Светлана ИМАШЕВА

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *