Эпидемиологиялық ахуалды баяндады

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы кезекті баспасөз мәжілісі «БҚО-дағы эпидемиологиялық ахуал және медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу тәртібінің жаңа тәсілі» тақырыбына арналды.

Алдымен сөз алған облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев ағымдағы жылғы 2 сәуірдегі жағдай бойынша өңірімізде эпидемиологиялық жағдай салыстырмалы түрде тұрақты екенін жеткізді.

–  29 наурызда өңірімізде коронавиустық инфекциясының екі жағдайы тіркелген болатын. Жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған екі науқас қажетті ем-домдарын алуда, жағдайлары қанағаттанарлық. Коронавирус жұқпасы анықталған үйлерге қажетті дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Қазіргі уақытта карантиндік және провизорлық стационарларда 96 адам оқшауланған, – деді Мұхамғали Қайыржанұлы.

Облыстың бас санитариялық дәрігері тұрғындарды карантиндік режім аясында қабылданған шектеу шараларына түсіністікпен қарап, сақтық қағидаларын барынша ескеруге шақырды.

Ләззат ҚАЖЫМОВА

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *