Ақсайдағы қайырымдылық шара

 

Наурыз мерекесіне орай Бөрлі ауданы, Ақсай қалалық мешітінде қайырымдылық шарасы өтті деп хабарлайды аталмыш мешіттің баспасөз қызметі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мерейтойлық датасына орай «30 жылдық мерейтойға – 30 игі шара» республикалық жобасы бастау алған болатын. Осы жоба аясындағы шара ҚМДБ-ның өңіріміздегі бас имамы Мұратбек Қыстаубаевтың бастамасымен, ауданның «Берекелі жамағат» еріктілер тобының қолдауымен өтті.

Шарада сөз алған Ақсай қалалық мешітінің бас имамы Қанат Жәкенов жомарттық, мейірімділік, шүкіршілік турасында насихат айтып, игі жобаның жалғасатынын жеткізді. Сонымен қатар аудан бойынша аз қамтылған отбасыларға, көпбалалы аналарға азық-түлік берілді. Бұл қайырымдылық шарасы облысымыздығ басқа аудандарында жалғасуда

Өз тілшіміз

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *