Тағы бір адамнан коронавирус анықталды

Бұл туралы мәлімдеген «ҚазАқпарат» сайты Алматы облысында коронавирус жұқтырудың 1 жағдайы тіркелгенін хабарлады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус бойынша 21 наурыз сағат 12.00-дегі мәліметтерді жариялады. «Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Талдықорған қаласында тіркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 28, Алматы қаласында – 22, Қарағанды қаласында – 2, Талдықорған қаласында – 1 адам, жалпы 53 науқас тіркелді» делінген ақпаратта.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *