4 эпизодпен қылмыстық іс қозғалды

Қала аумағында жұмыс орындары, саяжай, гараждарға ұрлыққа түсіп, тұрғындардың жеке мүліктерін  ұрлаған күдікті ұсталды, — деп хабарлайды Орал қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Орал қалалық ПБ КПб жедел уәкілдері күдіктіні 14 наурыз күні құрықтаған.  Күдікті ұрлықты үнемі кешкі мезгілде жасаған.

Ол құрылысқа қажетті құрал-саймандар, балық аулауға арналған резеңке үрмелі  қайықтар, резеңке бассейн, кілттер жиынтығы,  т.б. ұрлаған. Мысалы, 12 наурызда кешкі сағат 18.00-ден 13 наурызға қараған күнгі сағат 08.00 аралығында Орал қаласындағы ірі ЖШС-інің пластик терезелерін ішке қарай итеріп ашып, ғимарат ішінен «АИ- 92» маркалы жанар жағар майдың 9 талонын, жуғыш заттар, сұйық сабын, тазалау құралдарын үптеп кеткен. Осы ретте 1958 жылғы В. есімді ЖШС иесіне 40 мың теңге көлемінде  материалдық залал келді. Тәртіп сақшылары 1992 жылғы, еш жерде жұмыс жасамайтын, Р. есімді күдіктіні ұстады.

Алайда, осынау ЖШС-тен ұрланған заттар одан тәркіленбеді. Ұрлық жасағанын толықтай мойындады. Ұсталған тұлғаның бұған дейін де әкімшілік құқық бұзушылыққа жол беріп, заң алдында жауапталғаны белгілі болды. Бүгінгі күні күдікті ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 128 бабына  сай  басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамалды.  Басқарманың тергеу бөлімінің өндірісінде ҚР ҚК-нің 188 бабына  сай 4 эпизодпен  қылмыстық іс қозғалды.Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргуде,  бұлтартпас айғақ заттар да күдіктіден тәркіленді.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *