Мүлік пен жер салығы біріктірілетін болды

Жеке тұлғалардың мүлкі мен жеріне салынатын салықтарды біріктіру ұсынылды, — деп хабарлайды BAQ.KZ 

Бүгін Парламент Мәжілісінде ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Тәкиев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырды.

Жеке тұлғалардың мүлкі мен жеріне салынатын салықтардың салық элементтерін өзгертпестен бір салыққа біріктіру ұсынылады.  Яғни, 2 салық бір төлеммен төленеді.  Бұл түбіртектерді толтыру және банктік комиссияларды төлеу шығындарын азайтады, — деді Мәди Такиев.

Оның айтуынша, көп пәтерлі үйлердің иелері үшін жер салығын алып тастау ұсынылып отыр.

Бұл салықтың мөлшеріне, есептеу күрделілігіне және әкімшілік шығындарға байланысты. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін көлік салығын төлеу мерзімін ауыстыруды ойластырып жатырмыз. Қазір салық жыл соңына дейін төленеді. Енді келесі жылдың 1 сәуіріне дейін төлеу ұсынылады, — деді вице-министр.

Жеке тұлғалар үшін тағы бір өзгеріс — сатып алу үшін есептелген бонустарға салық салуды алып тастау туралы ұсыныс.

Азаматтық-құқықтық келісімшарттар бойынша жеке табыс салығын есептеу кезінде міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерін шегеру қарастырылмаған. Қосарланған салық салуды алып тастау және жою тәртібін нақтылау ұсынылады, — деп түйіндеді Мәди Тәкиев.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *