Балалардың отпен ойнауы қауіпті

Статистика бойынша әрбір жиырмасыншы өрт балалардың отпен ойнауынан немесе абайсыздығынан орын алады.

Отпен ойнау өте қайғылы салдарларға әкеледі. Үйде үлкендердің қарауынсыз қалған балалар өздеріне ермек іздейді. Көзге түскен сіріңке өрттің себебі болады. Үлкен шығынды балалар сарайдың,қораның және ормандарда оттықты пайдаланып дұрыс сөндірмеуден пайда болған өрттер әкеледі. Жыл сайын өрт сөндірушілер мен дәрігерлер балалардың тәжірибе жүзінде ажыратылған оттарға оқ-дәріні, патрондарды, пиротехникалық бұйымдарды, аэрозольды және газ баллончиктерін, бояулар банкаларын және т. б. лақтырған жағдайлардың салдарларымен бетпе-бет келеді. Нәтижесінде жарылыстар, жарулар орын алады, ал балалар күйік пен жарақат алады, мүгедек болып қалады. Газ құралдарымен жұмыс істеу кезінде балалардың іс-әрекеттері өте қауіпті болып табылады, үйде жеткілікті дағдысы жоқ жалғыз қалған кезде олар өзіне түскі ас дайындауға немесе жай ғана газ плитасында шәйнек жылытуға тырысады.

Батыс Қазақстан облысы ТЖ департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында балалардың отпен ойнауы себебінен өрттерді болдырмауға бағытталған алдын алу іс-шаралары кешенін жүргізуде.

БҚО білім басқармасымен бірлесіп барлық оқу орындарында «балалардың отпен ойнауы» тақырыбында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.  Оқушылармен лекциялар мен пікірталастар өткізілді, бейнероликтер көрсетіліп, тиісті тақырып бойынша жаднамалар таратылды. Ағымдағы жылдың басынан 866 адамды қамтитын 23 ашық сабақ және өрт сөндіру бөлімдері мен өрт-техникалық орталығына 32 экскурсия ұйымдастырылды. Facebook, Instagram, VK, Одноклассники және т.б. әлеуметтік желілер мен «YouTube» видеохостингі арқылы «балалардың отпен ойнауы» тақырыбында видеороликтер дайындалды, бұл интернет-ресурстарды пайдаланушылар арасында бейнероликтерді кеңінен таратуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ Департаменттің барлық бөлімшелері облыс аумағында өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізуге бағытталған өрт қауіпсіздігі сенбіліктері өткізіледі.

Өртті сөндіруден гөрі өрттің алдын алу оңайырақ екенін көптеген адамдар естіген, бірақ, өкінішке орай, бұл ережені барлығы бірдей қолдана бермейді. Бұл ретте өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін сақтау және өзің және қоршаған адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін ойланбаған іс-әрекеттерге жол бермеу өте маңызды.

Пәтердегі өрт қауіпсіздігі

  1. Сіріңкемен және оттықтармен үйде ойнамаңыз. Бұл — өрт себептерінің бірі.
  2. Қосылған электр құралдарын, әсіресе үтіктерді, жылытқыштарды, теледидарды, шырақтарды және т.б. қараусыз қалдырмаңыз және үйден шығар алдында оларды өшіруді ұмытпаңыз.
  3. Газ плитасын сөндіруді ұмытпаңыз. Егер газ иісін сезсеңіз, сіріңкені жақпаңыз, жарықты қоспаңыз. Пәтерді шұғыл желдетіңіз.
  4. Үйде үлкендерсіз фейерверктер, шырақтар немесе бенгал оттарын жақпаңыз.

Ормандағы өрт қауіпсіздігі

     1.Өрт — ормандағы ең үлкен қауіп. Сондықтан үлкендерсіз от жағуға болмайды.

  1. Отпен ойнамаңыз. Құрғақ ыстық ауа райында өрттің пайда болуына бір сіріңке немесе фейерверктің бір ұшқыны жеткілікті.
  2. Дегенмен өрт басталса, дереу орманнан шығыңыз. Жел соққан жаққа жүгіруге тырысыңыз.
  3. Орманнан шығып үлкендерге өрт туралы міндетті түрде хабарласыңыз.

            Құрметті ата-аналар! Кішкентай балаларды үйде қалдырмаңыз. Егер де сіз балаларды жалғыз қалдырғыңыз келсе, өртке әкелуі мүмкін қауіпті заттарды қол жетпейтін жерге алып қоюға тырысыңыз. Балаларға тек ересек адам ғана пайдалана алатын заттар (үтік, теледидар, розеткалар, газ плитасы, сіріңке және т.б.) бар екенін үнемі еске салуға тырысыңыз. Ал балалардың олармен ойнауы қайғылы оқиғаға немесе өлімге әкеп соғуы мүмкін.

 

Талғат Темірғалиев,

БҚО ТЖД Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту

 және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бас маманы

азаматтық қорғау подполковнигі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *