Әріптестерінің шаңырағында болды

Батысқазақстандық тәртіп сақшылары халықаралық әйелдер күні қарсаңында қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза болған әріптестерінің жұбайларын салтанатты түрде құттықтайды.

Осы игілікті дәстүрді биыл да жалғастырған Орал қалалық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Мерлан Айкенов пен орынбасары, полиция полковнигі Қуанышқали Меңдіғұлов қызмет барысында о дүниелік болған Рустам Кенжеғалиевтің шаңырағында болды. Марқұмның жұбайы Светлана Амангелдіқызын көктем мерекесімен құттықтап, сый-сияпаттарын табыстады.

 Басқарма басшылары қызмет бабын адал, мінсіз атқару барысында қаза болған полиция қызметкерлерінің ерлік істері өскелең ұрпаққа, жас мамандарға әркез үлгі болатынын жеткізді.

Басқарманың баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *