Еріктілер мен төтеншеліктердің бастамасы

Батыс Қазқстан облысы, Ақжайық ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің №10 ӨСБ және №6 құтқару бөлімшесінің қызметкерлері мен Ақжайық аудандық волонтерлар ұйымдарымен бірлескен жұмыстарын бастады.

Мақсат – ауыл тұрғындарына өрт қауіпсіздік ережелері, су тасқынын алдын алу шараларының талаптарын түсіндіру, тілсіз жаудың қатерінен сақтандыру.

Бастама волонтерлер мен волонтерлік ұйымдардың Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті өткізетін іс-шараларға қатысуы жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес  жүруде. Соған орай табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою және зілзала қауіп-қатерін азайту мақсатында аудан орталығында ағымдағы жылдың 29 ақпан күні «Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс» айлығы және өрт қауіпсіздік сенбілігі барысында Ақжайық аудандық Жастар ресурстық орталығының волонтерларымен аула аралық шолуы ұйымдастырылды.

Акция барысында тұрғындарға жадынамалар таратып, жаңа ақпараттар жеткізді.

«PULS» ақпарат

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *