Бәйтерек ауданында тактикалық оқу-жаттығу өтті

«Көктем-2020» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу аясында Бәйтерек ауданында жуырда аудан әкімінің міндетін атқарушы М. Залмұқановтың төрағалығымен Зеленов ауылында арнайы тактикалық оқу-жаттығу өтті.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – төтенше жағдайлар кезінде елді мекендерді қорғау бойынша іс-шараларды басқаруда және өткізуде басшылық құрамның практикалық дағдыларын жетілдіру, су тасқыны қаупі бар кезеңдегі төтенше жағдайларды жою бойынша іс-қимылдарға құрылымдардың дайындығын тексеру. Бәйтерек ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы-арнайы – тактикалық оқу-жаттығудың жетекшісі болып басқарма штабы құрылды. Негізгі жұмыс оқу алаңында жүргізілді.  Деркөл өзенінің жағасында Бәйтерек ауылында жағдай зерделеніп, тартылатын күштер мен құралдардың құрамы бекітілді. Қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, нақты жағдайға жақын жағдайды имитациялау ұйымдастырылды. Қатысушылардың іс-әрекеттері шартты түрде пысықталды. Атап айтқанда Деркөл өзенінде су деңгейін көтеру кезінде тұрғын үйлерді су басу қаупі туындаған. Су басуды болдырмау мақсатында құм салынған қаптар төселді, мотопомпамен суды және т.б. сору жұмыстары жүргізілді.

сурет ғаламтордан алынды

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *