Жол-көлік оқиғасынан екі адам жарақаттанған

2020 жылдың 20 ақпанында сағат 18.44 шамасында  «Чапаево» ТМҚП (трассалық-медициналық құтқару пункті) Орал-Чапаево-Жаңақала трассасының 95-ші километрінде орын алған жол көлік апаты туралы  кезекті қоңырау келіп түсті.

Оқиға орнына жедел көмек көрсету бригадасы 20 минутта жетті. Автокөліктің жол жиегіне шығып кету салдарынан 2 адам зардап шеккен. Зардап шегуші ер азаматта аздаған дене жарақаттары бар. Жарақаттары өңделіп, психологиялық көмек көрсетілді.

Зардап шеккен әйел адамда жабық бас-ми жарақаты анықталды. Бригаданың жедел әрі кәсіби іс-қимылдарының арқасында алғашқы медициналық, психологиялық көмек көрсетіліп, жедел аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. 

 

М. Жумабаева,

Батыс Қазақстан облысы бойынша

«МАО» филиалының фельдшері

Оставьте ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *