Қаланың су басу қаупі бар жер телімдері қаралды

Орал қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы қалалық әкімшілікпен бірлесіп алдағы көктемге, яғни су тасқыны кезеңіне дайындалуда.

Су тасқыны — бұл мол жаңбырдан немесе жылыну кезінде қардың қарқынды еруінен болатын су деңгейінің артуы. Су тасқыны қаупі — су тасқынын тудыруы мүмкін, бұл өз кезегінде тұрғын үйлерді, ғимараттарды су басуға, егіннің және т. б. шығынына әкеп соғады.

Ағымдағы жылдың 14 ақпанында Орал қаласы ТЖ басқармасының жедел тобы, қала әкімдігінің құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің өкілдері және «ЖайықТазаҚала» ЖШС басшысының орынбасарымен бірлесіп, Орал қаласының су тасқыны кезінде еріген қар суынан проблемалар туындайтын аумақтарды қарап шықты. Аталған сапар алдағы су тасқыны кезеңіне дайындықты анықтау мақсатында өткізілді. («Медициналық колледж» аймағы, «Сарытау», «Арман», «Жұлдыз» ықшам аудандары, Орал-Саратов тасжолының бойы) тағы бір мәрте қаралды.

Бірінші кезектегі су тасқынына қарсы іс-шаралар қар шығару бойынша, оның ішінде су басып қалған учаскелерде күшейтілген жұмыстарды ұйымдастыру және су бұру жүйелерін тазалау бойынша жұмыстарды жүргізу.

Зачаганск ауданының Пятимарская, Солидарности атты көшелерінде су тасқынын қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ету ерекше бақылауда. Проблемалық учаскелерді аралау барысында акт жасалып, тасқынға дайындық жұмыстары жалғасуда.

И. Утешева,

Орал қаласы ТЖ басқармасының аға инженері,

азаматтық қорғау майоры

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *