Мәдениет саласында — жаңа басшы

Конкурстық комиссияның шешіміне және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің келісіміне сәйкес Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының басшысы лауазымына Дүйсенов Сайран Темірғалиұлы тағайындалды.

 Сайран Темірғалиұлы — 1962 жылы туған. Білімі -жоғары. А.С.Пушкин атындағы Орал педагогика және Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеттерін «физика және математика», «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары:
— Батыс Қазақстан облысы Фурманов аудандық комитетінде білім бөлімінің инспекторы;
— Батыс Қазақстан облысы Жалпақтал ауданының жастар, туризм және спорт комитетінің төрағасы;
— Батыс Қазақстан облысы Жалпақтал мәдениет бөлімінің меңгерушісі;
— Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі;
— Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас инспекторы;
— Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімінің орынбасары;
— Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы;

2017 жылдың сәуір айынан бастап Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *