Брейк-данстан чемпионат өтуде

Би өнерінің бірі брейк-данс 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасына уақытша енген болатын.

Бүгін Оралда «­Сенің мәнерің ­-Твой стиль» атты брэйк-данстан қалалық чемпионат өтті. Би жарысына жүзге жуық өнерлі жас қатысуда.

Чемпионат Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен Батыс Қазақстан облысының брейк-данстан өңірлік федерациясы ұйымдастыруымен өтіп жатыр.

Қатысушылар жарыста би түрінің әр түрлі номинациялары бойынша жас ерекшеліктеріне қарай бақ сынап жатыр. Олар топтық, қыздар мен ұлдар болып, брейк-данстан екеуара батл жасауда.

­­Брейк-данс ­ ­-  өте танымал би түрі. Біз салауатты өмір салтын би билеу арқылы қалыптастырудамыз. Бүгінгі қалалық чемпионат көктемгі облыстық би байқауына дайындық іспетті. Жарысқа қош келдіңіздер, сәттілік тілеймін! ­– деді Батыс Қазақстан облысының брейк-данстан өңірлік федерациясының басшысы әрі жарыстың бас ұйымдастырушысы Сағындық Дагаров.

Гүлзинат ҚИБАТОВА   

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *