Допты хоккейден ерлер чемпионаты басталды

Бүгін Орал қаласында допты хоккейден ерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды.

Турнирге Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақтөбе облысы, Солтүстік Қазақстан облысы және Батыс Қазақстан облыстарынан 100-ге жуық спортшы қатысуда.

Турнир допты хоккейді дамыту және кеңінен тарату, халықаралық спортты іс-шараларда қатыс үшін үздік хоккейшілерді айқындау, патриоттық тәрбие беру жұмысың ұйымдастыру, бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатын көздейді.
Допты хоккей қаламыздағы Темір Масин көшесіндегі «Жастар» стадионында 6-10 ақпан күндері өтеді.
Жарыстың өтетін уақыттарын төмендегі кестеде ұсынамыз:
06.02.2020 жылы (сағ.10.00-11.30), (сағ.12.00-13.30), (сағ.14.00-15.30).
07.02.2020 жылы (сағ.10.00-11.30), (сағ.12.00-13.30), (сағ.14.00-15.30).
08.02.2020 жылы (сағ.10.00-11.30), (сағ.12.00-13.30), (сағ.14.00-15.30).

Гүлзинат ИБРАГИМҚЫЗЫ

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *