Ұрлыққа тосқауыл болған жүргізушілер мен кондукторлар ынталандырылады

Орал қалалық полиция басқармасы мен криминалдық полиция бөлімінің басшылары жыл басынан бері қалаішілік жолаушылар тасымалдаушы автобус парктерінің директорларымен кездесулер өткізуде деп хабарлайды полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Бөтеннің мүлкін ұрлау оқиғалары көп ретте қоғамдық көліктерде орын алатындықтан, тәртіп сақшыларының басты мақсаты – ұрлық-қарлықтың алдын алу, тосқауыл қою. Осы кездесулер барысында қылмыстың алдын алу, жолаушылардың сақтық шаралары туралы айтылып, ұрлыққа тосқауыл болып, полицияға жәрдемдескен кондукторлар мен жүргізушілерге сыйақы берілетіні мәлім болды.

Мысалы, 22 қаңтар күні «Батыс Қазақстан автобус паркі» ЖШС-ның автобус жүргізушілерімен және кондукторларымен ұйымдастырылған кездесуде сөз алған қалалық ПБ бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Нұрлан Бисенов оларды жеке мүлік ұрлығының алдын алу мақсатында бірлесіп жұмыстануға шақырып, орын алған қылмыс жайлы уақтылы полицияға хабарлауларын сұрады. Нұрлан Абылайұлы №22 және №4 маршруттағы автобус кондукторларының сұрақтарына жауаптар берді. Сонымен қатар қылмыстың ашылуына қолғабыс еткен кондукторлардың сыйақымен ынталандырылатынын айтты. Автопарк директорының орынбасары Данияр Мұхтаров бірлескен іс-қимылға үлес қосатындарын жеткізді. Басқарманың криминалдық полиция бөлімі жедел-іздестіру тобының аға жедел уәкілі, полиция капитаны Ерлан Сатаевтың айтуынша, бұндай кездесулер алдағы күндері де жалғасады.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *