БҚМУ ұстазы үздіктер қатарында

Жуырда Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылы «Халық сүйіктісі» атанған жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.

«Республика-Аймақ-Даму» қоғамдық қоры 2011 жылы бекіткен, үш кезеңнен тұратын   ұлттық сыйлық қоғамда танымал адамдар мен ұйымдарға беріліп келеді.


Байқауда үздіктер қатарынан көрінген  М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Түймеш Дәрішева «Жылдың үздік мұғалімі» аталымын жеңіп алды. Түймеш Малбағарқызы – М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың тәрбие ісі жөніндегі проректоры, ұлағатты ұстаз, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Ы. Алтынсарин атындағы медальдің иегері, ҚР білім саласының құрметті қызметкері.

Білім мен тәрбие саласында аянбай қызмет етіп келе жатқан Түймеш Малбағарқызын аталмыш марапатымен құттықтаймыз!

Гүлзинат ҚИБАТОВА

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *