Екі адамның ғұмырын қиған жол апаты

Кеше күндізгі сағат 15.10 кезінде «Бөрлі-Ақсай» тас жолының 28-шақырымында Пугачев ауылы маңында орын алған жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам көз жұмды деп хабарлайды БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Нақты айтсақ, 1975 жылы туған көлік жүргізушісі «ВАЗ-21093» (ресейлік нөмірдегі) маркілі автокөлігін солтүстік бағытта басқара отырып, жолдың қарсы бағытына шығып кету салдарынан 1995 жылғы жүргізушінің басқаруындағы «Лада Ларгус» маркілі автокөлігімен соқтығысады.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ-21093» автокөлігінің жүргізушісі мен 1995 жылы туған жолаушысы оқиға орнында көз жұмған. Ал «Лада Ларгус» автокөлігінің 2001, 1996, 1988, 2004 жылы туған жолаушылары жол апатынан алған түрлі жарақаттарымен Ақсай қаласының аудандық ауруханасына жеткізілген.

Департаменттің баспасөз қызметі аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлады.

«PULS» ақпарат

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *