Ертең бұрқасын болуы ықтимал

Қазгидрометтің мәліметінше ертең өңіріміздің кей аудандарында ауа-райында тұман, көктайғақ күтіліп, бұрқасын болуы ықтимал.

Республиканың басым бөлігіндегі ауа-райы циклонның терең жырамен және онымен байланысты атмосфералық фронттармен байланысты болады, соған байланысты кей жерлерде жауын-шашын, солтүстікте қар жауады. Моңғол антициклонының әсерінен республиканың солтүстік-шығыстында және шығысында күн ашық, жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады, жел күшейеді.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Манғыстау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, Қостанай облысында, күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының түнде және таңертең тұман күтіледі, Шығыс Қазақстан облысының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз Жаланашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *