Дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» орталығының хабарлауынша, ертең Батыс Қазақстан облысында қатты жел тұру ықтималдығы 90-95 пайызды құрайды.

Атап айтқанда, 22 ақпан күні облысымыздың кей жерлерінде тұман түсіп, боран соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін соғуы ықтимал. Ал Орал қаласында ертең боран соғып, тұман түседі, көктайғақ болады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан секундына 18 метрге дейінгі жылдамдықпен жел соғады деп болжануда.

Осындай дауылды ескерту Қостанай облысында да жарияланған.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *