Қарақшылармен күрес басталды

Орал қаласы аумағында бүгін, яғни 5 желтоқсан күні республикалық «Қарақшы» жедел алдын алу ісшарасы басталды деп хабарлайды қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Бұл шара қарақшылық жасаған тұлғаларды анықтап, оларды ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатын көздейді.

Ағымдағы жылдың 11 айының жұмыс көрсеткіштеріне сүйенсек, шаһар аумағында  қарақшылық шабуылға қатысты 17 қылмыс тіркелген. Өткен жылғы бір қылмысты қоса алғанда 18 қылмыс ашылған. Ал 2018 жылдың 11 айында 12  қарақшылық фактісі тіркелсе, осы санаттағы алдыңғы жылғы қылмыстармен қоса алғанда 17 қылмыс ашылған.

Осы ретте алдағы 7 желтоқсанға дейін жалғасатын аталмыш іс-шараны сапалы ұйымдастырып, өткізуге мүдделі құрылымдық бөлімдер бірінші күннен-ақ жұмысқа кірісті.

«PULS» ақпарат

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *