«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн»

Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенция ережесіне сәйкес жыл сайын 25 қараша күні  «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы және халықаралық әйелдерге қатысты зорлық зомбылықты көрсетуді жою күні атап өтіледі.

Акцияның мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық зомбылықты ескертуге және жолын кесуге, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының рөлін нығайтуға бағытталған қабылданып жатқан шараларды таныстыру.

Осыған сәйкес және ҚР ІІМ нұсқауына сәйкес облыс аумағында ағымдағы жылғы 25 қараша — 10 желтоқсан аралығында мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жұртшылықтың қатысуымен «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн акциясы» басталды.

Кәсіпорындар мен ұйымдарда, оқу орындарында әйелдерге қатысты зорлық зомбылықтың жолын кесу мақсатында қоғамдық іс шаралар, брифингтер, семинар-тренингтер дөңгелек үстелдер ұйымдастырылуда. 29 қараша күні №21 орта мектептің басшылығы мен педагогикалық ұжымы Абай Пб ЖПҚб басшылығымен бірлесе «Бақытты отбасы» ұранымен жоғары класс оқушыларына арналған тәрбие сағатын ұйымдастырды.

Тәрбие сағаты барысында мектеп инспекторы полиция капитаны Т.Колчанова отбасындағы қыз-келіншектерге жасалатын зорлық-зомбылықтың алдын алу, ана мен бала құқығының заңды түрде қорғалуы жайында лекция оқыды. Шараға оқушылар белсене қатысып, өзіндік пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ мектеп мұғалімдері мен психологтары да өз ойларымен бөлісті. Тағылымды шара балалар бақытты отбасында тәрбие алып, ата-ананың ұрпағына деген қамқорлығы жайындағы жылы тілектермен аяқталды.

Орал қ.ПБ баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *