Жасөспірімдерге дәріс оқыды

Соңғы уақытта жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу мақсатында білім беру бөлімінің мамандары мен мектеп инспекторлары түрлі тақырыптарда лекциялар өткізуде.

 Дәріс облыс аумағы мен қаладағы бірнеше ЖОО мен колледж студенттері, лицей мен мектеп оқушыларына кездесулер ұйымдастырылыып келеді.

Мақсаты – кәмелетке толмағандар тарапынан бұған дейін тіркелген құқық бұзушылықтардың соңы айыппұл төлеу, оқу орынынан шығару, өзге де келеңсіз жағдайлар туралы түсіндіру. Дәріс барысында  тыңдаушылардың құқықтық сауаттылығы тексеріліп,  заң баптарынан сауалдар қойылуда. Осындай кездесудің бірі жуырда қаламыздағы №36 жалпы орта білім беретін мектептің 11- сынып оқушыларымен өтті.

Кездесуде Абай полиция бөлімі ЖПҚб ювеналды топтың аға инспекторы полиция майоры Б.Нұрхатова, инспектор полиция капитаны А.Дюсенгалиев «Құқық бұзушылық және жасөспірім» тақырыбында дәріс оқыды. Жауапты инспекторлар оқушыларға құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттілігін түсіндіріп, өз ойларын еркін айтуға шақырды

Кездесу барысында мектеп оқушылары заң, өтірік, жалған сөйлеуге қатысты қанатты сөздерді талдап, ойларымен бөлісті.

Орал қ. ПБ баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *