«Жеті рухани қазық» рухани тұғырнамасы насихатталуда

Жуырда Нұр-Сұлтан қаласында «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атауымен ІІІ республикалық имамдар форумы өткен болатын.

500 имам қатысқан ауқымды шарада Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы «ҚМДБ құрылымындағы діни лауазымдар тізілімі және міндеттері», «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасы», «Дін қызметкерлері атқаратын діни рәсімдер тізілімі» атты үш құжат қабылданды.

Жалпы тұғырнама әрбір мұсылман адамның бойынан табылатын негізгі жеті қасиетті – имандылықты, отаншылдықты, білімге құштарлықты, бірлікқұмарлықты, еңбекқорлықты, мәдениеттілікті және әділдікті қамтиды. Адамның бойында бұл қасиеттердің бірі болса, екіншісі болмауы мүмкін. Сондықтан, бұл құжат – қазіргі уақытта керек дүние. Болашаққа жетелейтін бұл қасиеттерді насихаттау, ұлттық болмысымызға сіңіру – Ұлы дала халқының рухани жаңғыруына жол ашары сөзсіз.

Осы бағытта Орал қалалық Тәжиден Батырұлы мешітінің имамдары «Жеті рухани қазық» тұғырнамасын халыққа кеңінен түсіндіру жұмыстарын бастап кетті. Мешіт имамдары форумда қабылданған құжаттың бірі – «Жеті рухани қазық» тұғырнамасына жан-жақты сипаттама беріп, құжаттың маңыздылығына тоқталуда. Тұғырнаманы кеңінен түсіндіру мақсатында қалалық мешіт имамдары Орал медресесінің шәкірттеріне, мешіт жамағатына, сонымен қатар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары беттеріне мақалалар жариялап, радиоларға сұхбат берді.

Тәжиден Батырұлы мешітінің баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *