Облыс әкімінде — жаңа орынбасар

ҚР Президенті Әкімшілігі келісімімен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып Тимуржан Шәкімов тағайындалды. Ал облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Бағдат Азбаев өз еркімен жұмыстан босап, елордалық ең ірі компаниялардың бірі — «Астана Тазалық» ЖШС-ның басшысы қызметіне ауысты. 
Тимуржан Әдиетұлы 1962 жылы туған, білімі жоғары. А.Микоян атындағы Куйбышев инженерлік-құрылыс институтын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Алғашқы еңбек жолын облысымыздағы бұрынғы Камен (қазіргі Тасқала) ауданының Ленин атындағы совхозда құрылыс учаскесінің мастері, прорабы қызметтерінен бастаған.

Әр жылдары:
— «Казторгстрой» тресінде Орал құрылыс учаскесінің бас инженері;
— Батыс Қазақстан облысы Инфрақұрылым және құрылыс басқармасының басшысы – бас сәулетші;
— Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің басқарма басшысы;
— Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
— Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

Тимуржан Шәкімов жаңа қызметінде энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сәулет және құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мәселелеріне жетекшілік ететін болады.
«PULS» ақпарат

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *