Жеткіншектер арасындағы қылмысқа жол жоқ

Ақпан айының 11-15 аралығында республика аумағында «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» акциясы өткізілді.

Басты мақсат — кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Оған Орал қаласының әкімшілігі, прокуратурасы, жасөспірімдер құқығын қорғау департаментінің, білім беру бөлімі, қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлері және «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы өкілдері атсалысты. Акция барысында кәмелетке толмағандармен қылмысты болдырмау бағытында сұқбаттар жүргізіліп, ата-аналар жиналыстары өткізілді. Мектеп инспекторлары жасөспірімдермен 177 сұқбат ұйымдастырса, барлық қала мектептерінде жиналыстар өтті.

Жасөспірімдер орталық, Абай, Шаған полиция бөлімдерінің, учаскелік полиция бекеттерінің жұмыс барысымен танысты. Шараға Орал қалалық ПБ ЮПб-нде есебінде тұрған 81 жасөспірім және сәтсіз отбасыларда тәрбиеленіп жатқан 120 кәмелетке толмаған жеткіншек тартылды. Жалпы «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» ақциясына 22 арнаулы орта білім беру мекемесі, 50 жалпы орта білім беретін мектеп қатысты. Жасөспірімдер тарапынан жасалатын қылмыстың жолын кесу мақсатындағы жұмыстар жандандырылып, бұдан әрі жалғасын таба береді.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *