Бүгін Орал қаласында Кеңес Одағы және Ресей Федерациясының батыры, полковник Николай Майдановты еске алуға арналған грек-рим күресінен облыстық ашық турнир басталды.
Аталмыш турнирге Ресейдің Орынбор қаласы және қала мен облыс аудандарынан келген спортшылар қатысуда.
Спорттық жарыстың мақсаты – грек-рим күресін дамыту және кеңінен насихаттау, палуандардың кәсіби шеберлігін арттырумен қатар жастар мен жасөспірімдерге патриоттық тәрбие беру.
Бұқаралық спортты дамытуды көздейтін турнирде 2003-2005 жылы туған жастар бақ сынауда.
Спорттық шара 23 қазан күні өз мәресіне жетеді.
«PULS» ақпарат