Ерлі-зайыптылардың өліміне соқтырған жол апаты

Қазанның 19-ы, яғни өткен сенбіде Ақсай қаласында жол апаты орын алып, салдарынан ерлі-зайыптылар қаза тапты деп хабарлайды БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Таңертеңгі уақыт 8.20-да Ақсай қаласында «LadaGranta»  маркілі автокөлікті тізгіндеген 1986 жылы туған азамат қарсы жолаққа шығып кетіп «Лада-21114» көлігімен соқтығысады. Осы жол-көлік апатының нәтижесінде «Лада-21114» көлігіндегі 1950 және 1948 жылы туған ерлі-зайыптылар оқиға орнында қаза болған. Ал келесі автокөліктің жүрізушісі мен оның екі жолаушысы түрлі жарақаттармен Ақсай қаласындағы аудандық ауруханаға жеткізілген.

Аталған факті бойынша ҚК-нің 345-бабы 4-бөліміне (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сот-медициналық сараптамасының куәландыруына сәйкес «LadaGranta» автокөлігінің жүргізушісі  «жеңіл түрдегі» мас күйі жағдайында болғаны белгілі болған.

«PULS» ақпарат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *